Ордабасы орталық аудуандық ауруханасы (Темирлановка ауылы)

Қазақстан, Темирлановка (Ордабасинский район, Туркестанская обл.), Қажымұқан к-сі, 168А
+7 (72530) 7 99 01
+7 (72530) 7 99 00
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Ордабасыда ковидті анықтайтын зертхана ашылды


Ордабасы аудандық ауруханасында індеттің екінші толқынына дайындық ретінде 100 төсек орындық провизорлық  орталық ашылды. Аурухананың ескі ғимаратын толық жөндеуден өткізген ұжым енді коронавирус инфекциясын өздері анықтай алады. Себебі мұнда ковидті анықтайтын зертхана іске қосылды. ПТР сынамасы бойынша анықтайтын зертхана тәулігіне 500-ге жуық тест қабылдауға мүмкіндігі бар. Алдағы уақытта Арыс қаласы мен Бәйдібек аудандарынан сынама қабылдау жоспарлануда.  Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша мұндай 12 зертхана жұмыс істеуде.

  «Зертхана өз жұмысын бастап кетті. Қазірге дейін 23 анализ тексеріп үлгердік. Барлығы теріс нәтиже көрсетті. Зертханада жұмыс істейтін дәрігер-лаборанттарымыз Алматы мемлекеттк дәрігерлер білімін жетілдіру институтында 1 ай біліктілігін арттырып, әрі қарай Түркістан қалалық емханасында тәжірибе алмасып келді»,- дейді аурухананың бас дәрігері Бақытжан Мырзагелдиев. 

Қазіргі таңда емдеу мекемесі жеке оттегі станциясы, 23 өкпені жасанды желдету аппаратымен жасақталған.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу