Бас дәрігердің блогы
Менің блогыма қош келдіңіз!
Мен сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге тырысамын және қажетті ақпаратты ұсынамын.
Құрметпен, Мырзагелдиев Бахытжан Мырзалиевич.
Жұмыс кестесі: 16.00-18.00 (дүйсенбі, сәрсенбі)
Мырзагелдиев Бахытжан Мырзалиевич 03.07.1975 жыл,Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Шалдар совхозы.
Білімі: жоғары,
Еңбек жолын 1998-жылы Бәйдібек ауданы орталық ауруханасында дәрігер хирург болып бастады.
2000-2002 жылы жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті.
2002-2005 жылы ультрадыбыстық зерттеу дәрігері болып қызмет етті.
2005-2006 жылдары хирургия бөлімінің дәрігері болып қызмет етті.
2006-2014-жылдары Бәйдібек аудандық ауруханасында бас дәрігер болып қызмет етті.
2014-2015-жылдары Бәйдібек аудандық емханасында бас дәрігер болып қызмет етті.
2015-2018-жылдары Шымкент қалалық № 11- емханасында бас дәрігер болып қызмет етті.
Қосымша 2017-жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген «Менеджмент экономика және бизнес» магистрі дәрежесі бар.
2018-жылы 26-қарашадан Ордабасы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарып келеді.
2019-жылы Денсаулық сақтау ісінің үздігі төс белгісі.
Отбасында 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отырған әке.