Ордабасы орталық аудуандық ауруханасы (Темирлановка ауылы)

Қазақстан, Темирлановка (Ордабасинский район, Туркестанская обл.), Қажымұқан к-сі, 168А
+7 (72530) 7 99 01
+7 (72530) 7 99 00

Әкімшілік

Бас дәрігер

Мырзагелдиев Бахытжан Мырзалиевич

Мырзагелдиев Бахытжан Мырзалиевич 03.07.1975 жыл,Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Шалдар совхозы.

Білімі: жоғары, 

Еңбек жолын

  • 1998-жылы Бәйдібек ауданы орталық ауруханасында дәрігер хирург болып бастады. 
  • 2000-2002 жылы жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті. 
  • 2002-2005 жылы ультрадыбыстық зерттеу дәрігері болып қызмет етті. 
  • 2005-2006 жылдары хирургия бөлімінің дәрігері болып қызмет етті. 
  • 2006-2014-жылдары Бәйдібек аудандық ауруханасында бас дәрігер болып қызмет етті. 
  • 2014-2015-жылдары Бәйдібек аудандық емханасында бас дәрігер болып қызмет етті. 
  • 2015-2018-жылдары Шымкент қалалық № 11- емханасында бас дәрігер болып қызмет етті.

Қосымша 2017-жылы  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген «Менеджмент экономика және бизнес» магистрі дәрежесі бар. 

2018-жылы 26-қарашадан Ордабасы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарып келеді.

2019-жылы Денсаулық сақтау ісінің үздігі төс белгісі.

Отбасында 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отырған әке.



Даниярова Айжан Нурлауовна  28.06.1961ж, Батыс Қазақстан облысы Орда  ауданы Сайқын ауылы.

Білімі: жоғары, 

Еңбек жолын

  • 1984ж-1996жылға дейін Шымкент қаласында №2 қалалық балалар  ауруханасында дәрігер -ординатор болып бастады. 
  • 1996-2007 жылы №1 Отбасылық дәрігерлер амбулаторияда аймақтық дәрігер педиатор болып қызмет етті.
  • 2007-2009 жылы №4 Қалалық емханада аймақтық дәрігер педиатр  болып қызмет етті. 
  • 2009-2010 жылдары №1ОДА-да аймақтық педиатр  дәрігері болып қызмет етті. 
  • 2013-2016-жылдары №11 Шымкент қалалық емханасының емдеуші бойынша Орынбасары  болып қызмет етті. 
  • 2017-2019-жылдары №3 Шымкент қалалық емханасында емдеу-профилақтиқалық жұмыс бойынша Орынбасары  болып қызмет етті. 
  • 2019-жылы 5ақпан айында Ордабасы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігердің орынбасары болып тағайындалды.

Отбасында 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырған ана.



Орынбаев Жансерик Шайхуалиевич 16.09.1984 ж, Шымкент қаласы.

Білімі: жоғары

Еңбек жолын:

  • 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясына түсіп, 2008 жылы Шымкент медицина факультетін бітірді.
  • 2008-2009 жылдары резидентураны хирург мамандығы бойынша бітірді.
  • 2009 жылы Ордабасы аудандық медициналық бірлестігіне хирург ретінде келді.
  • 2014 жылдың 11 қараша айында медициналық қызмет сапасын бақылау ісі бойынша орынбасары болып тағайындалды.

Отбасында 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отырған ана.



Иманова Айгерім Ахметовна 30.09.1984ж.

Білімі: жоғары, 

Еңбек жолын:

  • 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясына түсіп, 2008 жылы Шымкент педиатрия факультетін бітірді. 
  • 2008-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында интернатураны бітірді.
  • 2009 жылы 5 тамызда Ордабасы аудандық орталық ауруханасына балалар бөліміне педиатр маманы ретінде келді.
  • 2014 жылдың қазан айынан бастап балалар бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
  • 2017 жылдың қазан айында ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі бас дәрігердің орынбасары болып тағайындалды.

Отбасында 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырған ана.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу